Біздің студенттер ең үздік

Ақын ағамыз Мағжан Жұмабаев жыр арнаған «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар» жас буын қай кезеңде де болашақтың қожасы.

Жастары белсенеді елдің ертеңі жарқын екені бесенеден белгілі. Жыл аясындағы шаралардың қорытындысы ретінде желтоқсан айының соңында Жастар жылының жабылу және мемлекет баасшысының бстамасымен жарияланған Еріктілер жылының ашылу рәсімі өткізілді. Мерекелік концерт барысында Жастар жылы аясында өз саласында ерінбей еңбек етіп, ерекше көзге түскен әр сала жастары номинациялармен марапатталды.

Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылының тумасы, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 3-курс студенті, Bolashaq студенттік Республикасының Президенті Мағрұпжан Бексұлтан Шәкәрімұлы Жылдың ең үздік студенті номинациясымен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.