19.10.23 ж. Рухани келісім күніне орай “Бірлік пен келісім – қазақстандық қоғамның басты құндылықтары” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Аға эдвайзер Абдрешева М. К студенттерге сұрақтар қойды: “Рухани келісім”деген сөзді қалай түсінесіз? Бұл ұғым сіз үшін нені білдіреді. Ин-20-1 тобының студенттері Рухани келісім туралы өз түсініктерін берді. Біз бұл мәселені әр түрлі қырынан қарастырдық. Елімізде бірлік пен рухани келісім неден көрінеді?



Біздің елімізде көршілік, достық қарым-қатынаста өмір сүретін жүзден астам ұлт пен этнос біріктірілді. Бұл біздің еліміздің басты мұрасы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларының бірінде: “Біздің басты байлығымыз – амандық пен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім”, – деді. Кураторлық сағат Президентіміздің осы сөздерімен аяқталды.

Еліміздің болашақ өркендеуі үшін мемлекет ішіндегі тұрақтылық, оны мекендейтін халықтар арасындағы достық пен келісім қажет. Бұл басты ой кафедра студенттері мен оқытушылары тамашалаған бейнероликте айтылды.