2019 жылы 22 қарашада №6 ЖОМ – де жазушы, ақын Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған “Бейімбет-ұлт жазушысы” атты кездесу кеші өтті.

Оқушылар алдында филология ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманғазы Закирович Сембиев сөз сөйледі. Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінің мәселелері де қозғалды.

Кафедраның аға оқытушысы Ерзат Молдабекұлы Ермагамбетов Бейімбет Майлиннің ұлттық болмыстың шығармаларында шебер бейнеленуі туралы әңгімеледі.

Академия студенттері оқушыларға жазушы шығармаларынан үзінділер, өлеңдер оқыды.
