Камалдинов Фарах Гимдеевич-Орталық майданның 13-ші армиясының 81-ші атқыштар дивизиясының 410-ші атқыштар полкінің автоматшылар взвод командирі, кіші лейтенант.
1914 жылы 12 (25) мамырда Томск облысы Кривошеин ауданының Нұрқай ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Татар.
Орта мектепті бітіргеннен кейін колхозда тракторшы-механик, кейін Батыс Сібір өзен пароходында моторшы-механик болып жұмыс істеді.
1934 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1939-1940 жылдары-Фин майданында Хасан көліндегі жапон милитаристерімен Отан үшін шайқасқа қатысушы.
Мәскеу жаяу әскер училищесін 1940 жылда аяқтағаннан кейін өз тағдырын әскерге байланыстырды. Ұлы Отан соғысының бірінші күнінен бастап ол майданда. Автоматшылар взвод командирі кіші лейтенант Камалдинов Фарах Гимдеевич 1943 жылдың 5-ші шілдесіне қараған түні Орлов облысының Малоархангельск қаласын қорғай отырып, өзінің взводымен бірнеше рет қарсы бағытқа шығып, қарсылас күшінен асып түскен.
Бұл шайқаста автоматшылар Камалдиновтың взводымен 7 жау танкі мен 200-ге жуық гитлершілерді жойды.
Жараланған кезде де Камалдинов шайқасты жалғастырды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 27 тамыздағы Жарлығымен Орталық майданның 13-ші армиясының 81-ші атқыштар дивизиясының 410-ші атқыштар полкінің автоматшылар взводының командирі аға лейтенант Фарах Гимдеевич Камалдиновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жауынгерлік ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
1980 жылдан бастап запастағы аға лейтенант Камалдинов Фарах Гимдеевич Теміртау қаласында тұрды.
1986 жылы отбасымен Қарағандыға көшіп келді.
1987 жылы тамыз айында қайтыс болды. 1941-1944 жылдары Қарағанды госпитальдарында қайтыс болған жауынгерлердің бауырлас зиратының жанында Михайлов зиратында жерленген.
Батырдың аты оның Отаны мен шайқасқа қатысқан жерлерінде мәңгі есте қалды. Экспозицияларда
Теміртау қаласының № 11 орта мектебінің Жауынгерлік даңқ мұражайы Кеңес Одағының Батыры Фарах Гимдеевичтің жауынгерлік ерліктері туралы материалдар ұсынылды.
Материал РИО-да шығарылған кітапқа негізделе отырып, Болашақ Баспа және интернет материалдары бойынша жарияланады.
Қаһарман қарағандылықтар=Герои-карагандинцы [Мәтін]: өмірбаяндық ақпараттар жинағы / ред. кол.С. Акылбаев, С. А. Абдакимов, Н. О. Дулатбеков, Р. К. Омарбекова. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2000. – 146 б.