10 желтоқсанда онлайн режимде алғашқы Қазақстандық “Барлығы махаббаттан басталады!” атты Ата-аналар оқулары оқулары өтті.
Ата-аналар оқуларының ұйымдастырушысы “Бөбек” ҰҒПББСО адам дамуының үйлесімді институты болды.
Кездесудің арқауы – адамгершіл педагогика принциптерін сәтті қолдану идеялары мен тәжірибесімен танысу, ұрпақтар арасында терең түсіністік пен махаббат атмосферасы орнаған бақытты отбасыларды құру және жандандыру үшін ата-аналардың, мұғалімдер мен балалардың күш-жігерін біріктіру.
Аталған іс – шараға “Bolashaq” академиясының ізгілік педагогика орталығының директоры Г.К.Бокижанова, МДжБО кафедрасының оқытушылары-профессор Н. И. Храпченкова, профессор Ж.М. Акпарова, доценттер Р.Ж. Шалтаева, А. Ю.Самохин, аға оқытушылар К.А.Сарбасова, Г.Т.Таликова, Ж. А. Арунова, Е. А. Голомазова, В.Бондаренко белсенді қатысты.
Қазақстандық ата-аналар оқулары қатысушыларына арнап “Өзін-өзі тану” білім беру бағдарламасының авторы, “Ізгілікті педагогиканың Бастамашысы” Назарбаева Сара Алпысқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасындағы алғашқы Қазақстандық ата-аналар оқуларының ашылуымен құттықтап, қатысушыларға шығармашылық жетістіктер мен жұмыста табыстар тіледі.
РББА академигі, профессор Шалва Александрович Амонашвилидің құттықтау сөзі ұмытылмас, ерекше сәт болды.
Шалва Александрович ата-аналар мен мұғалімдерге әр баланың бірегейлігін көруге, қабылдауға және қолдауға көмектесу, балаларда рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу және өзінің қабілетін ашу қазіргі әлемде өте маңызды екенін атап өтті.
“Bоlashаq” академиясының гуманистік педагогика орталығының негізін қалаушы “Гуманистік педагогиканың бастамашысы” Гүлжан Амангелдіқызы Омарованың отбасылық тәрбие мәселелері, оның ішінде балаларды отбасының мәдени құндылықтарына тарту туралы баяндамасының өзектілігі тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
“Bolashaq” академиясының Ізгілік педагогика орталығы алғашқы Қазақстандық “Барлығы махаббаттан басталады!” оқуларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына шығармашылық табыс пен алдағы кездесулерді тілейді!
Бокижанова Г. К.