6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы студенттерінің дипломалды қорғауы

Диплом қорғау – бұл түлектердің теориялық білім деңгейін, қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктерін, кәсіби міндеттерді орындауға даярлығын және олардың дайындығының білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі. Диплом қорғаудың мақсаты білім беру бағдарламасын зерделеу аяқталғаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен кәсіби құзыреттіліктерді бағалау болып табылады.

Дипломды алдын-ала қорғау, комиссия алдында қорытынды сөз сөйлеуге дайындық болып табылады. Дипломалды қорғау студентке көмектесу мақсатында өткізіледі, алдын-ала дайындалуға, жұмыстағы мүмкін кемшіліктерді анықтауға және комиссия алдында өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.

25.04.2024 күні «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ДОВ-20-2 тобы студенттерінің дипломалды қорғауы өтті.

Дипломалды қорғауға «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова А.С., доцент, п.ғ.к. Шалтаева Р.Ж., доцент, п.ғ.к. Асакаева Д.С., аға оқытушылар Жанысбаева Р.М., Таликова Г.Т., Есмагулова А.А., Алексеева Е.А. қатысты.

Дипломалды қорғау барысында студенттер диломдық жұмыстарын қысқаша баяндап берді. Комиссия мүшелері диломдық жұмыстармен танысып, өз ескертулері мен түзетулерін, ұсыныстарын айтып өтті. Комиссия мүшелері тарапынан студенттерге сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтар бойнша студенттерден толық жауап ала алды.

Жалпы студенттердің зерттеу барысында алынған нәтижелерінің анықтығы мен негізділігі бастапқы теориялық-әдіснамалық ұстанымдармен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен; зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкес келуі, алынған нәтижелер мен тұжырымдардың зерттеу нәтижелерінің дәйектілігімен; зерттеудің теориялық және эмпирикалық аспектілерін оңтайлы ұштастырумен қамтамасыз етілгенін көре алдық.

Студенттер дипломдық жұмысты орындау барысында көп ізденген, эксперименттің әр сатысында әдістемелерді дұрыс анықтап, қалыптастыру жұмыстарында әдіс-тәсілдерді тиімді қолданған.

Студенттердің зерттеу жұмыстары Қорытынды Аттестау комиссиясының алдында қорғауға жіберілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.