6В01101- “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің диплом алды қорғауы

2024 жылғы 25 сәуірде 6В01101-“Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша ПиП-20-1 (күндізгі бөлім) тобы студенттерінің диплом алдындағы қорғау жұмысы өтті.
Қорғауға “Педагогика” кафедрасының оқытушылары: пс.ғ.к., доцент Абдрахманова А. С., п.ғ. к., доцент Мамерханова Ж.М., пс.ғ.к., доцент Никифорова О.В., п.ғ.к., доцент Асакаева Д.С., техникалық хатшы Косманова А.Б. және Пип-20-1 тобының студенттері қатысты.

Студенттерді даярлау процесінің бітіру кезеңінде диплом алдындағы қорғау “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін маңызды болып табылады. Ол сонымен қатар оқу процесінде педагог-психолог мамандығына байланысты студенттің барлық ғылыми жұмыстарының дайындық процесінің жалпы бөлімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Кафедраның ішкі тәртібі бойынша студенттердің бітіру жұмысына дайындық деңгейі диплом алдындағы қорғаудан өту кезінде көрсетіледі.

Дипломды қорғау маңызды оқиғаның тұсаукесері деп айтуға болады. Бұл жұмыс студенттердің болашақта ғылыми жұмыста қиындықтарға тап болмауын қамтамасыз ету үшін қажет.

Студенттер дипломдық жұмыстарды 90% дайындап, оларды алдын-ала қорғады. Оқытушылар студенттерге жұмыс тақырыптары бойынша сұрақтар қойып, түзетулер мен толықтырулар айтылды. Дипломдық жұмысты қорғағанға дейін барлық айтылған сындарды түзету және өңдеу қажеттілігі айтылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.