2024 жылғы 23 сәуірде Педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к., Коржумбаева М.Б. Бұқар Жырау ауданы Самарқанд ауылының орта мектебінде кәсіби бағдар жұмысын өткізді.
11 «Ә» сынып оқушылары, Педагогика және психология мамандығына түссе кім болып шығады, қашықтықтан оқыту бағдарламалары бар ма, бакалаврды аяқтаған соң, магистратураға түсуге бола ма, Фармация мамандығында қанша жыл оқу керек, академияда фармацевтерді даярлайтын лабораторияларыңыз бар ма, деген сияқты сұрақтар қойды.
Оқушылар сұрақтарына нақты жауап алды, Педагогика және психология мамандығын аяқтаған түлектер әр жерлерде, мектептерде, жалпы оқу орындарда, компания, фирмаларда қызмет істей алатындығы, магистратураға Заң, Педагогика және психология, Шет ел: екі шет тілі оқу бағдарламаларына түсе алатындығы, Фармация мамандығында тек күндізгі бөлімде 5 жыл мерзімде оқу керектігі және студенттерді даярлайтын лаборатория, дәрісханалар мен тәжірибе өтетін мекемелер де бар екендігі туралы кеңейтілген мәліметтер берілді.