Ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні академиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушылары һәм студенттері №6 ЖББОМ Тәуелсіздік мерекесіне орай «Азат елдің қазақ деген ұлымын» атты концерттік бағдарламамепн барфып қайтқан еді.
Еліміздің егемендігі еңселі болып келе жатыр десек те, сол бір қанды жаспен келген ұлық мейрамымыздың бағасын жастарға дұрыс насихаттамай келе жатыр.
1986 жылы алаңға шыққан жастарымыз еркін елдің, кемел келешектің кепілі болды.
Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенттері оқушыларға Желтоқсан оқиғасы жайлы бейнебаян көрсетіп, артынан азаматтық рухты оятар әндер шырқалып, поэзиямен де сусындатты.
Кеш соңынан мектеп оқушылары мен студенттер қосылып «Атакмекен» әнін шырқады.
Тағылымы мен құндылығы жоғары осындай мерекелер жиі тойланса, нұр үстіне нұр болады.