«Bolashaq» академиясы «6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы К-17-1 топ студенттері 29.05.2020 ж. педагогикалық іс-тәжірибе есебін онлайн түрінде өткізді.
Педагогикалық практика кезінде студенттер барлық пәндерден алған білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанады.Күндізгі бөлім К-17-1 топ студенттері өздеріне бекітілген педагогикалық іс-тәжірибесін тізімге сай онлайн қорғап шықты.
1. Мағрұпжан Бексұлтан
2. Ашамаева Ақгүл
3. Файзуллаева Зухра
4. Рахимбекова Рауана
5. Әлімбаева Арайлым
6. Құдайберген Төлеубала
7. Тастанбекова Балнұр
8. Амантай Еркежан
9. Бақытбек Зарина
10. Әлтай Ақтоты
11. Өміртаев Төребай
Практика есебін қабылдау барысында төмендегідей жұмыс түрлері орындалды:
– практика есебі мен сапасы;
– студент практикалық жұмысқа қаншалықты дағдыланғаны;
-теориялық білімін практикада қолдана алуы;
– студент ынтасы, біліктілігі және іскерлігі;
-берілген тапсырманы шығармашылық тұрғыда орындауы;
-практика қорытындысы;
Конференцияны практика жетекшісі Райхан Налжигитовна ашты. Практика есебі бойынша К-17-1 тобының студенттеріне кезек берілді. Қорытынды есеп беру конференциясына барлығы түгел қатысты. Аталған топ студенттері практика есебін өте жоғары деңгейде қорғап шықты. Есеп беру барысында түрлі слайдтар, фотолар, сабақ жоспарлары үлгілерін, ашық сабақтар көрнекіліктерін көрсетіп ортаға салды. Дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ үлгілерімен ой бөлісті. Практика барысында студенттер біраз шыңдалғанын танытты.
Практиканың онлайн конференциясына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы, практикаға жетекшілік еткен кафедра доценті Исмаилова Райхан Нәлжігітқызы, академиямыздың практика бөлімінен Жұмагүл Конысбаева , топ кураторы доцент Әбдірахманов Рүстем Хасенұлы қатысып , өз ой-пікірлерімен бөлісіп, К-17-1 топ студенттері талаптарға сай өте жақсы деңгейде қорғады деп бағалады.
К-17-1 топ құрамы кафедра оқытушыларына, профессор Қ.З.Сембиевке, педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісі Райхан Нәлжігітқызына, Мұрагер мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Н.Г.Утебаевқа және мектеп ұжымына алғысын білдірді