“Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” кураторлық сағаты

2021 жылдың 29 сәуірінде Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы ZOOM платформасында Online режимінде “Қазақстанның киелі географиясы” тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл кураторлық сағат “Рухани қазына” бағдарламасы аясында “Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары” арнайы жобасын іске асыру бойынша өткізілді, іс-шарада қазіргі уақытта елімізде Президенттің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында ұсынылған “Қазақстанның киелі географиясы” және “Туған жер” жобаларын құру мәселелері пысықталды.

Студенттер ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасының 10 нысанын қамтитын “Қазақстанның киелі географиясы” материалдарымен және еліміздің ежелгі қалаларымен танысты.

Кураторлық сағат соңында меңгерілген ақпаратты тексеру үшін шағын викторина өткізілді, сондай-ақ студенттер сұрақтарға жауап бере отырып, қандай киелі жердің тарихы оларды ерекше қызықтырды және қандай киелі орынға барғысы келетіні туралы кері байланыс жасады.

Жас ұрпақ өзінің туған мәдениетінің тасымалдаушысы болып қалуы керектігін, оны байыту керектігін, бірақ иесіздендірмеу керектігін айта кету керек.. Жастардың қолында — қоғамның болашағы. Өйткені, олар біздің Отанымыздың болашақ иелері. Олардың жүректері Отанға, туған өлкесінің тарихи орындарына деген шексіз махаббатпен жалындауы керек, ал киелі жерлерді зерттеу өскелең ұрпақтың жүрегінде осы сезімді дамытуға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.