2021 жылғы 27 мамырда “Руханият” ҒЗО директоры А.У. Аупенова Карлагтың құрылғанына 90 жыл толуына, Қазақстандағы жаппай ашаршылықтың басталғанына 90 жыл толуына және саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған “Қазақстандағы қуғын-сүргін және ашаршылық: халық қасіреті және тарих сабақтары” атты ғылыми-практикалық конференцияға спикер ретінде қатысты. Конференция онлайн-форматта “Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы” КМҚК-де өткізілді.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан лагерлеріндегі қуғын-сүргінге ұшырағандардың рөлін зерттеуге қазіргі қоғамның қызығушылығын арттыру, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын мәңгі есте қалдыру, осы тақырып бойынша ғалымдармен және зерттеушілермен ақпарат алмасу.

Конференция жұмысына Н. Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасының, Қарағанды облысының Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Қарағанды саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының “АЛЖИР” мемориалды-мұражай кешенінің, Теміртау қ. “Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы” КМҚК-нің қызметкерлері және т.б. қатысты.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша кең ауқымды мәселелер қаралды:
- Қазақстандағы 1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тарихы.
- Қазақстандағы ашаршылық және оның салдары.
- Карлаг. Саяси қуғын-сүргін құрбандары және олардың тағдырлары.
- Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау.
“Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова

