Қазақстанда 1 наурызда сиреналар қосылады. Бұл күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесінің Республикалық тексеруі өтеді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Іс-шара Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орайластырылған.
“Хабарлау жүйесін тексеру барысында электр сиреналары мен сирень-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ телевизиялық және радиоарналардың эфирін ұстап қалуды жүзеге асыру, ақпаратты интернет – ресурстарда және мобильді қосымшаларда орналастыру көзделеді”, – делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.
“Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығының дайындығын қолдауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған” – деп, атап өтті ТЖМ.
“Bolashaq” Академиясында да осы күні сирена қосылды. Студенттер мен оқытушылар тапсырманы өте жақсы орындады, олар ЖОО аумағынан тез және жылдам шығып кетті. Барлық ескерту жүйелері уақытында жұмыс істеді және сирена, бәрі академиядан шығып кеткенге дейін тоқтаған жоқ.