Құрметті “Bolashaq” академиясының студенттері мен қызметкерлері және қазақстандықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дәл осы күн – 1991 жылдың 1 желтоқсаны күні Нұрсұлтан Назарбаев ел тарихындағы алғашқы бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайланғанына байланысты мерекелік күн ретінде таңдалды. Елбасы заманауи мемлекет құрды, әлем картасында Қазақстанның шекарасын белгіледі.
Тұңғыш Президент күні – жас, қуатты, әлеуеті зор мемлекет Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуының жаңа кезеңін ашатын мереке. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні өркендеу мен прогресс жолындағы Ұлт Көшбасшысының Халықпен бірлігін білдіреді.
Осы салтанатты күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы әрдайым гүлдене берсін.