2023 жылғы 14 қарашада “Bolashaq” Академиясы құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасында” Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары”тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары, сондай-ақ студенттер қатысты.
Іс-шараны кафедра меңгерушісі профессор А.Т. Қабжанов ашты, ол ҚР әлеуметтік кодексінің қабылдануына байланысты республикада әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтік Кодекстің жаңалықтары туралы құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының доценті К. К. Садыкова сөз сөйледі, ол Кодекстің цифрлық картасы, платформалық жұмыспен қамту, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы, жұмыспен қамту, мүгедектер мәселелерін шешудің жаңа тәсілдері және т.б. сол сияқты жаңалықтарға егжей-тегжейлі тоқталды.
Дөңгелек үстел соңында барлық өзекті деп табылған мәселелер талқыланды.