Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен «Достық» үйінде Қарағанды «Bolashaq» академиясының профессоры Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы «Президент тапсырмасы негізінде қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру» тақырыбында онлайн семинар өткізді. Аталған шараға шақырылған басқа да қатысушылармен қатар «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Р.Х.Абдрахманов, Р.Н.Исмайлова, Н.Т.Ахметова, А.Бағдал қатысты.
Қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру барысында профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қатысушылар көкейінде жүрген өзекті мәселелерге тоқталып, құнды ойлары мен деректі дәйектемелерін ортаға салды.