“Қазақ” газетіне 110 жыл

2023 жылғы 30 қарашада Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы  “Jauhar” ғылыми үйірмесі “Алаш” апталығы аясында “Қазақ” газетіне 110 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізді. Аталған шарада қазақ даласындағы баспасөз көшбасшысы болған “Қазақ” газетінің шығу тарихы, атауы, қарастырған мәселелері жайында ақпарат берілді. Газетті шығаруға ат салысқан белгілі тұлғаларымыз А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ә.Бөкейхановтың аты аталып, басылымда жарияланған мақалалары мен көтерген мәселелері қарастырылды.

“Jauhar” ғылыми үйірмесі 2022 жылдың 2- оқу семестрінен бастап жұмыс жүргізіп келеді. Студенттердің ғылымға қадам басуына көмек беріп, бағыт сілтейтін үйірме жұмысы алдағы уақытта да жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Алғашында студенттер арасынан төрайым болып сайланған К-20-1 тобының студенттері Оразхан Айкенже мен Мұратхан Әужанның оқуды тәмамдауына байланысты төрайымдылықты К-23-1 тобының студенттері Жақсылықова Дана, Саматқызы Аружанға тапсырды. Жаңа төрайымдардың келуіне қарай үйірме жұмысы жанданып, жаңа белеске шығатынына сенімдіміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.