АРУЛАР МӘҢГІ ЖАСАСЫН!

Наурыздың 4 жұлдызында «Bolashaq» академиясының жиын залында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған «Арулар мәңгі жасасын!» атты мерекелік әзіл-шоу концерті өтті.

Жыл сайынғы, дәстүрлі жобаға Қарағанды шахарының үздік шоумендері қатысты. Атап айтсақ, Нұрсұлтан Совет, Айбол Әбдіраш, Думан Жасұланов және әнші Нұрлан Жолай сынды өнер дарындары қалың көрерменнің жүзіне күлкі сыйлап, көңілдерін мәз мейрамға айналдырды.

Жобаның ережесі бойынша әр шоумен өз өнерін ортаға салып, соңында көрерменнің қошеметі арқылы бірінші орынға ілігу. Алғашқы сайыста шоумендер студенттерді сахна төріне шығарып, ойнату керек-тін. Екінші сайыс «Импровизация» деп аталады. Үшінші кезекте әр қатысушы 3 минут уақыт ішінде қасықпен тапсырма орындады.

Арқаның белгілі әзілкештері елді күлдіру арқылы бас жүлде үшін талас тартысқа түсті. Алайда, жеңімпаз біреу. Астарлы әрі тақырыпқа сай әзілдерімен халықтың көңілінен шығып, елдін езуіне күлкі сыйлаған Әбдіраш Айбол көрерменнің қошеметіне ие болып, «The BEST of the Best» номинациясын қанжығасына байлады.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейрбек БАЙШАГИРОВ





Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.