«Bolashaq» академиясы (Қазақстан Республикасы Қарағанды қаласы) «Қарлаг: тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында жастардың шығармаларына арналған екінші хаалықаралық байқауын өткізді. Алғашқы шығармалар байқауы 2014 жылы өтіп, оған 500-ден астам адам қатыстқан болатын.
«Қарлаг: тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы – КСРО-ның тоталитарлық режим кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың тағдырын жан-жақты зерттейтін халықаралық тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу және қайырымдылық жоба. Жобаның авторы және ғылыми жетекшісі – Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор – Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков.
«Қарлаг: тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жоба бойынша жұмыс 2006 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Осы уақыт аралығында ғалымдар, оқытушылар, жазушылар мен журналистер студентдың жастардыфң әрі халықаралық сарапшылардың қатысуымен өз отанының тарихын және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың тағдырын объективті зерттеу мақсатында 40-тан астам кітап дайындап, түрлі іс-шаралар өткізді. Жоба әлемнің 30-дан астам еліне әйгілі.
Жастардың шығармаларның байқауы – жобаның маңызды бағыттарының бірі. Өтіп отырған екінші халықаралық байқауға 16-30 жас аралығындағы 112 адам қатысты. Байқаудың географиясы: Германия Федеративтік Республикасы, Қазақстан Республикасы, Польша Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы. Байқауға тақырыптық зерттеулер мен алуан түрлі шығармашылық жұмыстар: эссе, әңгіме, сұхбаттық шығарма, жеке мұрағат құжаттарына, дәлелдемелерге негізделген отбасы тарихы бойынша шығармашылық зерттеулер, өлең т.б. келіп түсті. Конкурстық комиссия ұсынылған жұмыстарды зерделеп, дербестік, мазмұндау стилі, өзіндік ерекшелігі; сауаттылық; талдай білу; дәйектеу дәрежесі (сенімділік); автор білімінің жан-жақтылығы секілді өлшемдерді басшылыққа ала отырып, ең үздіктерін таңдады.
Байқау нәтижелерін жариялау кезінде қазылар алқасының мүшелері: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген журналисі Е.Б.Кузнецова, профессорлар, ф.ғ.к. С.А.Диканбаева, з.ғ.к. Е.Е.Серімов, PhD докторы Ж.Г.Газиханова, доцент ф.ғ.к., Т.С.Кулпейсова., бірінші проректор, з.ғ.к., профессор Г.М.Рысмағамбетова, Академия ректоры, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Н.Менлібаев сөз сөйлейді.
Байқауға қатысушылардың үздік шыққан жұмыстарына құнды сыйлықтар мен үш дәрежелі арнаулы диплом аталды. Байқаудың он екі жеңімпазын (гран при, 1, 2, 3 орын) Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Долинка кентінде орналасқан саяси құрбандарды еске алу музейіне апару ұйымдастырылады. Жеңмпаздардың музейге баруындағы жол жүру мен көлік шығындары ұйымдастырушы тарапынан болады. Байқауға қатысып, жеңімпаз деп табылмаған жұмыстарды комиссия тексерді. Олардан жиырма бір шығарма номинацияға ұсынылды. Байқау жеңімпаздары мен номинанттарының жұмыстары арнайы шығармалар жинағында жарияланып, ол жинақ көбейтіліп, кітапханаларға таратылады әрі Академия сайтына жарияланады. Байқау жеңімпаздары мен номинанттарына дипломдар мен.pdf форматындағы жинақ тапсырылатын болады.
Байқаудың қорытындысын жариялау мамырдың 2020 жылғы 29-мамырда сағат 10.00-10.40 аралығында «Bolashaq» академиясында Zoom платформасында онлайн конференция форматында мына сілтеме бойынша өтеді
https://us04web.zoom.us/j/76964859148?pwd=TWl0RFoxSC9lWmZINGErK2NVNjVFUT09
Конференция идентификаторы: 76964859148, паролі: 12345.
Қазылар алқасы мен ұйымдастырушылар Қарағанды қаласы Ерубаев көшесі 16-үйде орналасқан «Bolashaq» академиясының бас ғимаратының 218 аудиториясында болады.
Қорытынды жариялайтын рәсім модераторы: «Bolashaq» академиясының Ғылыми жұмыс және халықаралық әріптестік жөніндегі проекторы, п.ғ.к., профессор Смолькина Татьяна Петровна – +77017547526 (WhatsApp).
Байқауды өткізуші координатор: «Bolashaq» академиясының «Руханият» ғылыми зерттеу орталығының директоры з.ғ.м. Аупенова Алия Укужановна – +77052680572 (WhatsApp).