10 наурызда Қарағандыда студент жастар арасында Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне арналған VI облыстық Спартакиада басталды.
Жарысқа өңірдің сегіз жоғары оқу орнының студенттері қатысады. Жарыстар спорттың 13 түрі бойынша өткізіледі: шаңғы жарысы (эстафета), конькимен жүгіру спорты, қысқы Президенттік көпсайыс, шағын футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, жеңіл атлетика, асық ату.





Спартакиадаға қатысады:
1.”Bolashaq” Академиясы
- Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.
- Теміртау қаласының мемлекеттік индустриялық университеті.
- Орталық Қазақстан академиясы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
Жарыс 18 наурызға дейін жалғасады. Жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, тиісті дәрежедегі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.