Қарағанды – еліміздің ең үлкен облысының орталығы. Қалада 7 жоғары оқу орны бар.
Сайын даланың төсінен орын алған бұл өңірде көз тартарлық көркем жерлер мен қазақ тарихынан сыр шертетін рухани мұралар молшылық.
3-20 ақпан аралығында Академиямызда қала күніне арналған I love QARAĞANDY❤️ атты тикток конкурсы өтті.✅
Талантты студенттеріміз Сарыарқа төсіндегі қаламыздың әсем жерлерін аралап, қызықты бейнежазбалар түсірді. Кіл мықтылар сынға түсті. Тіпті, қаламызға арнап ән де шығарылды. Қаланың көрікті жерлерін айқыштай көрсетіп, Қарағанды жерінде туып-өскен ақын-жазушыларымыздың туындыларын мәнерлеп оқыды.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, кинотеатр билеттерін сыйға алды.✅
Конкурстың нәтижесі:
1-орын Ю-21-2тобы

2-орын К-21-1 тобы, К-22-1 тобы


3 -орын Фм-22 тобынан – Марисова Алина, ПиП-22 тобынан – Нұршынова Дария, Ин-22 тобынан- Байсайтова Ажар



Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз үстем болсын! 🤍