«АЛАШ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ» әдеби-шығармашылық байқауы

21 сәуір күні Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «АЛАШ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ» атты әдеби-шығармашылық байқау өтті. Іс-шара ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орайластырылған.

Әдеби-шығармашылық байқауына «Bolashaq» академиясынан қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының 2 курс студенті Оразхан Айкенже қатысты (жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р.Н. Исмаилова).
Конкурс II кезеңде өткізілді:
I кезең
: Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» тақырыбына эссе жазу
II кезең: А. Байтұрсыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Байқау қорытындысы бойынша Оразхан Айкенже II орын алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.