“Академик Сахаров мұрасын сақтау жөніндегі қоғамдық комиссия” өңірлік қоғамдық ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде “Bolashaq” Академиясы “А.Д. Сахаров – дәуір адамы” көрмесін өткізеді.
Барлық ниет білдірушілерді экспозициямен танысуға шақырамыз.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мәдениет объектілеріне (мұражайлар, мұражай-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, цирктер, мәдени-демалыс ұйымдары және басқалар) қойылатын талаптарды сақтауды сұраймыз (Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 20 қаулысына 2к-қосымшасы), атап айтқанда:
- күту аймағына келушілер 15 адамнан аспайтын топтармен кіреді;
- келуші санитарлық шараларды сақтай отырып, объектінің ішіне өтеді (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы)
- күзет тексерісінен өтеді;
- келушілер бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып, залды қарайды;
- зал периметрі бойынша залға кіре берісте қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер мен антисептикалық құралдар орналастырылған;
- келушілер залдан 2 метр қашықтықта қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көрсетілген бағыттар бойынша аралайды;
- залдан схемаға сәйкес шығады.