Академия студенттері теолог маманмен кездесті

    2022 жылғы 2 “Bolashaq” академиясының студенттері ZOOM платформасында “Діни экстремизм, терроризм және олардың салдары” тақырыбында Қарағанды облысы Дін істері басқармасы жанындағы ақпараттық-түсіндіру және талдау орталығының басшысы Далабаева Гульнар Бакеновнамен онлайн-кездесуі өткізді.


     Кездесу барысында теолог-маман  студенттерге  жат ағымдардан қалай сақтану керек екенін түсіндіріп берді. Одан бөлек, діни сауаттылықтың төмендігі жастардың тура жолдан адасуына әкеп соғатынын айтып, кез келген ақпаратты аларда аса ұқыптылық таныту керектігін атап өтті.


    Кездесу соңында студенттер дін тақырыбы бойынша көкейлерінде жүрген сауалдарына толыққанды жауап алды.  Алдағы уақытта  ақпараттық-түсіндірме жұмыстары онлайн-оффлайн  форматында жалғасатын болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.