2020 жылдың 9 қарашасынан бастап “Bolashaq” академиясының жоғары курс студенттері университеттің оқу аудиторияларында өтетін зертханалық және практикалық сабақтарды бастайды.Осыған байланысты, 2020 жылдың 5 қарашасында онлайн режимінде академия студенттері мен дәрігері Светлана Геральдовнаның кездесуі өтті, оның барысында студенттер мен оқытушыларға арналған санитарлық нормалар түсіндірілді.
Корпуста тек маскада болу қажет. Сондай-ақ, сізде 2-3 сағаттан кейін ауысым үшін таза маска болуы керек.
Корпус бойынша қозғалыс бағытын, міндетті қашықтықты сақтауды сұраймыз (белгілер бар).
Қолды антисептикпен зарарсыздандыруыңызды сұраймыз.
Студенттерге арналған сабақтар қатаң түрде бір кабинетте өтеді. Кабинеттен кабинетке көшуге тыйым салынады.
Күні бойы оқу аудиторияларында кварцтау жүргізілетін болады.
Құрметті студенттер мен оқытушылар! Өзіңізде кез-келген аурудың белгісі байқалған жағдайда үйде болуыңызды өтінеміз. Одан әрі сабаққа немесе жұмыс орнына бару медициналық мекемеден анықтама немесе еңбекке жарамсыздық парағы болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Студенттердің сабаққа қатысуын және санитарлық нормалардың орындалуын бақылауды “Bolashaq” академиясының дәрігері Куур Светлана Геральдовна жүзеге асырады.