2023 жылғы 11 мамырда “ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың” дәрігер-эпидемиологы Т.Х. Құлахметова АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өткізді.


Ол АИТВ – бұл иммун тапшылығы вирусы, АИТВ инфекциясы – адам ағзасына иммун тапшылығы вирусы енген кезде пайда болатын ауру екенін еске салды.

ЖИТС-жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы
Дәрісте ауруды жұқтыру жолдары, ағзаның биологиялық сұйықтықтарындағы АИТВ-ның құрамы, АИТВ-ны қалай анықтауға болатындығы, АИТВ-дан қорғану жолдары атап көрсетілді.
Дәріс тақырып бойынша бейнероликтер көрсетумен қатар жүрді.