Көптеген оқытушылар еріксіз оқшаулаудың қалыптасқан жағдайында: “ал практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды онлайн жүргізуге бола ма?»
Оған “Bolashaq” Академиясының студенттері мен ПОҚ, ҚарМУ ғалымдары, Қарағанды және облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері және тіпті өнер қызметкерлері қатысады.
Біздің жобаға қатысушылардың бірі Ишмуратова Маргарита Юлаевна үй жағдайында эксперимент өткізу туралы өз ойымен бөлісті. ҚарМУ ботаника кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Маргарита Ишмуратова өскіндерді үй жағдайында қалай өсіру керектігін айтып, сондай-ақ тапсырма студенттерге ағылшын тілінде берілген болса, қажетті терминологияға назар аударуға кеңес берді.
Сессияға қатысушылар көптеген сұрақтар қойды. Мысалы, үйде қызанақ немесе қияр өсіру мүмкін бе, әлде үйде осындай тәжірибелерді өткізу қаншалықты қымбат. Кейін Маргарита Юлаевна қатысушыларды өз қолымызбен дайындалған сүзгі көмегімен су мен ауаны тазартуға үйретуге уәде берді.
ТжӘИ кафедрасының аға оқытушысы Калижанова А. Н.