4 қыркүйектен бастап шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары мен студенттері Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышында ағылшын тілінде қашықтықтан оқыту семинарына қатысты.
Семинар тақырыбы “Developing 21st-Century Skills in the English Language Classroom”. Модератор болып Heather Benucci цифрлық сауаттылық түсінігі, оны ағылшын тілін оқыту үдерісіне ықпалдастыру қажеттілігі дәрежесі және ағылшын тілін оқыту үдерісіне цифрлық сауаттылық дағдыларын дамыту тәсілдері сияқты мәселелерді қозғады.
Осы семинарға қатысу мүмкіндігі үшін Америка бұрышына үлкен алғысымызды білдіреміз.