АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

“Bolashaq “Академиясы” жеке мекемесі халықаралық
ғылыми серіктестермен 2024 жылғы 26 сәуірде Халықаралық ғылыми-практикалық
“Қазіргі әлемдегі ғылым және білім” конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:
1 Заң ғылымы мен құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері;
2 Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесін дамыту;
3 Көптілді әлемдегі қазіргі тілдік жағдай;
4 Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар;
5 Педагогика және психология: өзекті мәселелер мен даму тенденциялары, заманауи ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар;
6 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды дамытудың өзекті мәселелері;
7 Биологияның, медицинаның және фармацияның қазіргі аспектілері.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.
Бір автордың (авторлардың) мақалалар саны шектелмейді. Материалдар жинағы Ресейлік ғылыми дәйексөз индексін қалыптастыру үшін ҰЭБ-да орналастырылған, ISBN-ге берілген.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ БАЙЛАНЫС КООРДИНАТТАРЫ

Конференцияны өткізу бойынша жалпы үйлестіру және ұйымдастыру мәселелері:

Ғылыми зерттеулер, гуманитарлық педагогика және педагогикалық тәлімгерлік орталығының маманы-Смагулова Гүлназ Сапарғалиқызы.
Жұмыс телефоны: +7 (7212) 420425 (ішкі. 041)
Тел. ұялы: 8 771 379 26 10
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,100008, Қарағанды, Ерубаев көшесі, 16, каб.201
Шектеу және карантиндік шаралар қолданылған жағдайда конференция онлайн-форматта өтеді.
Конференция секцияларын тіркеу және олардың жұмысына қатысу үшін қажетті сілтемелер қатысушылардың электрондық мекенжайларына қосымша жеткізілетін болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.