2024 жылғы 4-5 қаңтар аралығында “Құқық негіздері” пәні бойынша 9-11(12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Біздің академиядан “Құқық негіздері” секциясының төрағасы ретінде Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы қатысты.
Бұл кезеңнің мақсаты оқушылар арасындағы конкурстық іріктеу барысында олимпиада жеңімпаздарын анықтау болып табылады. Тапсырмалардың мазмұны 9-11(12) сынып оқушыларының білімі мен дағдыларына қойылатын бағдарламалық талаптарға сәйкес келеді, алайда республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің пәндік қазылар алқасына жеңімпаз қатысушылардың жұмыстары тек мектептік қана емес, сонымен қатар факультативтік бағдарлама материалын игеруі, жоғарыда айтылған жалпы өлшемдерге сәйкес бағалауға ұсынылады.
Іс-шара екі кезеңнен тұрды – жазбаша жұмыс және тестілеу.
“Құқық негіздері” секциясы бойынша Қарағанды өңірінің түкпір-түкпірінен барлығы 47 оқушы қатысты.
Олимпиада Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 46А мекенжайындағы “Мұрагер” мектеп-интернатының қабырғасында өтті.