Күміс жастағы оқытушыларға арналған семинар өтті. Бұл семинар оқытушылардың кәсіби құзыреттерін одан әрі жетілдіруге, жаңаша тәсілдер мен өзекті білімді игеруге, білім беру үдерісін жетілдіруге арналған. Айтылған әрбір бағыт, әрбір тақырып кәсіби және жеке дамуға жаңа серпін берді.


​ Семинар барысында ұстаздың тек білім беруші ғана емес, ғалымдық болмысын танытатын, азаматтық ұстанымы жөнінде, сонымен қатар, уақыт талабына сай ұрпақтар арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыру, жаңа дәуірдегі инновациялық технологияларды игеру, цифрлық сауаттылықты арттыру, оны білім беру үдерісіне еркін енгізу және денсаулықты сақтау мәдениетін күшейту бағыты қарастырылды.


Семинар барысында «Ұстаз. Ғалым. Азамат», «Күміс жас пен Альфа ұрпақтың өзара түсіністігі», «Оқу процесінде инновациялық технологияларды қолдану»,«Белсенді өмір салты, денсаулықты күту мәдениеті», «Цифрлық сауаттылыққа қатысты көмек көрсету және өмірді жеңілдететін заманауи технологияларды пайдалану» тақырыптары талқыланды.
Бұл — жай ғана семинар емес. Бұл — тәжірибе алмасу, жаңа білім мен дағдыларды бірге меңгеру, өзгермелі заманға бейімделу жолдарын қарастыру.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.