«Тіл-қазына – 2022»

15 сәуірде “Bolashaq” академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп ZOOM платформасында дәстүрлі “Тіл-қазына – 2022” байқауын өткізді. Байқауға Қарағанды облысы және Қарағанды қаласының тек қана қазақ  орта мектептері, лицей, гимназияларынан 24 оқушы қатысты.

           Байқаудың мақсаты: «2022 жыл – Балалар жылы» аясында балалар мен жасөспірімдер арасында   тілімізді, ұлттық мүдделерімізді тың идея, жаңаша көзқарастармен насихаттай отыра, сөз өнерінің құдыретін, тіл мәдениетін, сөз төркінін дұрыс түсінумен қатар көркемсөз өнеріне шыңдау және  мамандықты дұрыс таңдауға ықпал ету.

          «Тіл қазына-2022» байқауына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді. Байқауға жауапты аға оқытушы Б.А.Абылбаева алды-ала байқау материалдарын, АКТ әзірлеп, өтінім хаттарымен танысып отырды.  Комиссия төрағалығына кафедра меңгерушісі, профессор  Қ.З.Сембиев және мүшелері  құрамына кафедра доценті Р.Х.Абдрахманов, аға оқытушы Б.А.Абылбаева бекітілді.

Байқау  екi кезең бойынша өткізілді.

Бірінші кезең– 10.03 – 14.04.2022ж. аралығындағы әлеуметтік желіде (тик-ток негізінде)  өткізілетін түсірілім байқауы. Байқаудың мақсаты: әр қатысушының төмендегі тақырыптарға сай шығармашылығымен, ой ұшқырлығымен (креативтілік), тапқырлығымен және сауаттылығымен ерекшеленуі.

Ұсынылған тақырыптар:

  1. «BOLASHAQ» академиясы туралы ақпарат-мәлімет;
  2. Проза жанры бойынша;
  3. Поэзия жанры бойынша;
  4. Тіл мәдениеті;
  5. Сөздердің дұрыс қолданылуы;
  6. Аударма бойынша;
  7. Мәтінмен жұмыс;
  8. Этимология (сөз төркіні).

       Байқау комиссиясы шығармашылық жұмыстармен  алдын-ала танысып,  ақпаратты хатта көрсетілген критерийлерді негізге ала отырып, олардың арасынан үздіктерін таңдады.

         Екінші кезең – «Сыр сандық» сұрақ-жауап байқауы   2022 жылдың 15 сәуірінде, сағат 11.30-да ZOOM платформасында  өтті.

Екінші кезеңнің өткізілу салтанатында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор  Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қатысушыларға ыстық ықылас, жылы лебізін білдіріп сәттілік тіледі.  

Байқауға:  

Қарағанды қаласынан – 8

Жаңарқа ауданынан -3

Қарқаралы ауданынан – 3

Осакаров ауданынан- 2

Шахтинск қаласынан – 1

Бұқар жырау ауданынан – 2

Абай қаласынан – 2

Шет ауданынан – 3, жалпы саны 24 оқушы қатысып  бақтарын сынап көрді.

«ТІЛ – ҚАЗЫНА – 2022» байқауының жеңімпаздары:

1-орын – оқудың 1 жылдық төлем ақысына – 100%  жеңілдікке Төкен Асылай (Жаңарқа ауданы);

2-орын оқудың1 жылдық төлем ақысына – 50%  жеңілдікке Серікбай Сабина (Осакаров  ауданы);

3-орын – оқудың 1 жылдық төлем ақысына – 25%  жеңілдікке Жайылханова Венера (Шахтинск қаласы).

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы  Б.А.Абылбаева байқаудың нәтижесі бойынша байқау жеңімпаздарына сертификат және   жетекшілеріне алғыс хат  жеткізілетіндігін  хабарлады.

      Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор  Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы жеңімпаздарды құттықтап, академияға келулеріне ақ жол тіледі және жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.