1 курс студенттерімен кездесу

Білім күні –  студенттер, ата-аналар, сондай-ақ педагогтер, ЖОО оқытушылары мен әдіскерлер үшін ерекше мереке.

Білім жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, ізденімпаздық, зерттеуге деген құлшыныс кәсіби жетістікке жетуге, талантымызды ашып, дамытуға, ғылыми жаңалықтар ашуға және жаңа технологиялар жасауға мүмкіндік береді.

01.09.2024ж студенттермен салтанатты кездесуден кейін Bolashaq Академиясы  фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессорлары мен  оқытушылары 1 курс студенттерін қарсы-алып, кафедраның оқыту бөлмелерімен, зертханаларымен, дәріханамен  таныстырды.

Мереке құтты болсын! Биылғы оқу жылында қызықты сабақтар, жаңа жобалар көп болсын!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.