Алынған білім мен дағдыларды тәжірибеде қолданбай шет тілін үйрену мүмкін емес. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, академиямыздың Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушылары Ганеев Р.Р., Құрман Н.К., сондай-ақ екі студент-практикант Төкен Ә.Б. және Киева А.К. 17 қаңтарда Қарағанды қаласының №1 гимназиясының қабырғасында 11 сынып оқушыларының қатысуымен “Speaking Club” үйірмесінің отырысын өткізді.
Гимназия оқушыларына “Бос уақыт пен бос уақытта қызықты демалу” тақырыбын талқылау ұсынылды. Аталған іс-шара алдына мынадай міндеттер қойды: 1. Оқушылардың ағылшын тілі мен мәдениетіне қызығушылығын ояту. 2. Тілді үйрену ең алдымен тиімді қарым-қатынас үшін қажет екенін түсінуді қалыптастыру. 3. Тілге бойлауды қамтамасыз ету.
Оқушылар клубтың келесі отырысына жаңа – “Саяхат” тақырыбын ұсынды. Біздің бірлескен жұмысымыз жан-жақты дамыған көптілді қоғамды қалыптастыруға өз үлесін қосады деп үміттенеміз.