І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 2020 жылдың 3-4 сәуірінде өтетін «ХХІ ғасыр: ғылым мен инновация» атты жас ғалымдар мен білімгерлердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция жұмысының бағыттары:
- Еріктілер –қоғамның қозғаушы күші;
- Гуманитарлық ғылымдар: өзекті мәселелері, даму үрдісі, заманауи аспектілері;
- Заманауи жаратылыстану ғылымы: қазіргі күйін талдау және даму перспективалары;
- Оқытудың заманауи әдістері және инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесі;
- Мәдениет және өнер: теория мен тәжірбиенің өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Материалдарды рәсімдеу тәртібі:
Баяндама мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм, азат жол – 1.25 см.) жазылуы тиіс.
Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ (Әмбебап Ондық Жүйе) индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала аты, автордың е-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.
Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен нәтижелері, практикалық маңызы ашылуы тиіс.
Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен төменде көрсетілген мекенжайға жіберілуі керек. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасы электронды пошта арқылы ұсынылады.
Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.