«Сова» халықаралық интеллектуалдық білім орталығы III халықаралық шығармашылық байқауының

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • Дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау
  • Баланың әлемді эмоционалдық тұрғыдан танудағы эстетикалық сезімі, оның жеке шығармашылық дамуы 
  • Отанға деген махаббат пен өнегелік – патриоттық сезімді тәрбиелеу;
  • Мектепке дейінгі жастағы балаларды жалпы адами құндылықтар мен мәдениетке баулу;
  • Балалардың елестету, қиялдау қабілеттерінің және көркем шығармашылығының дамуын ынталандыру;

БАЙҚАУ ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. «Менің мамандығым – менің шақыруым» – жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
  2.  «Менің сүйікті ақыным» – жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады және тақырыпқа байланысты қолөнерді бейнелейтін бейне материалдар
  3. «Рахмет, Анашым» – жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
  4. «Қыс келді» – еркін тақырыпта кез келген ақынның өлеңін мәнерлеп оқу(жұмыстар видео түрінде қабылданады)
  5. «Суретшілер әлемі» – еркін тақырыпта сурет салу
  6. «Достық неден басталады» – жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
  7. «Жас ақындар сайысы» – қатысушы өзі шығарған өлеңін жолдайды
  8. «Көркем жазу » – Абай Құнанбаев өлеңін көшіріп жазу (таңдауға байланысты)
  9. «Неге маған қыс ұнайды. Менің қаламдағы қыс» – жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады

БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН ЖАС ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

Байқауға қатысуға мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер, яғни мектеп алды даярлық топтары мен 1-11 сынып оқушылары шақырылады. Балаларды тәрбиешілер, ұстаздар немесе ата-аналар ұсынады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.