2019 жылы 31 наурызда ҚР Білім және ғылым министрілігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві бірлесіп, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастырушылық қолдауымен «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан және қазақстандықтар» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Сізді және Сіздің әріптестеріңізді Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 75 жылдығына арналған конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Соғыс қарсаңындағы Кеңес Одағы және Қазақстан: соғыс алдындағы жағдай.
- Жалпыға бірдей әскери жұмылдыру және Қазақстан территориясында әскери құрамалардың жасақталуы.
- Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары: жасақталу тарихы және жауынгерлік жолы.
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: республиканың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері.
- Эвакуация: көшірілген өнеркәсіп орындары мен оқу орындарын қабылдау және орналастыру.
- Қазақстан – майдан арсеналы: Қазақстан аумағындағы қорғаныс өнеркәсіп орындары.
- Қазақстан халқының соғыс жылдарындағы майданға көмегі.
- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.
- Партизан жасақтары мен Қарсыласу қозғалысындағы қазақстандықтар.
- Қазақстандық соғыс тұтқындарының тағдыры және оларды ақтау мәселелері.
- Еңбек армиясы құрамындағы қазақтар.
- Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі.
- Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан: мәселенің тарихнамасы.
- Соғыс батырлары мен құрбандарын мәңгі есте қалдыру.
- Музейлердің Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтаудағы рөлі.
- Соғыс туралы тарихи аңыздар және Қазақстандағы тарихи жад саясаты.
- Соғыс тарихы жөніндегі жаңа архив деректері мен құжаттары.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс.