XVII Еуразиялық Медиа Форумы

XVII Еуразиялық Медиа форумның ұйымдастыру комитетінің мүшелері Жансая Төлеухан мен Әсел Мираева “Bolashaq” академиясының гуманитарлық педагогика орталығының студенттері мен оқытушыларын 2021 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында Нұр-сұлтан қаласында онлайн форматта өтетін форумға қатысушылар ретінде шақырды.

Құрметті “Bolashaq”Академиясының студенттері мен оқытушылары!

Гуманистік педагогика орталығы Сіздерді XVII Еуразиялық Медиа Форумға қатысуға және сайтта ашық тіркеуден өтуге шақырады: https://eamedia.org/en/.

Еуразиялық Медиа форумның бағдарламасы 3 күннен тұрады және әлемдік саясат пен экономика, медиа, экология, білім беру және футурология сияқты салаларды қамтиды.

  1. Форумның бірінші күні әлемнің жетекші сарапшыларының тәжірибелік шеберлік сабақтарына, сондай-ақ биылғы жылы “Түркітілдес елдердің БАҚ-ы. Жаңа шынайылық жағдайында ынтымақтастықты дамыту” тақырыбына дәстүрлі дөңгелек үстел ұйымдастыруға арналған.

2. Екінші күн 4 сессияны қамтиды:

  • “Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия”;
  • “Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық бірге өмір сүрудің жаңа векторларын анықтады”;
  • “Көп ақпарат-аз шындық”;
  • “Жасыл стратегия. Тағы бір соңғы мүмкіндік”.



  •  “Жасыл стратегия. Тағы бір соңғы мүмкіндік”.

    1. Үшінші күні 4 сессия аясында маңызды мәселелер талқыланады:

  • “Тітіркену дәуірі. Әлемді кім басқарады?»;
  •  “Медиа және технологиялар. Трендтер 2021”;
  • “Еңбек және білім нарығының болашағы”;
  •  “Болашақ әлемі”, алдағы форумның қорытынды сессиясы.
  •  

    Қосымша ақпарат алу үшін форум ұйымдастырушыларына хабарласыңыз:

    Жансая Төлеухан, 8(778) 254-60-04, pr@eamedia.org

    Әсел Мирашева, 8(747)757-57-35, info@eamedia.org

    АШЫҚ ТІРКЕУ САЙТТА ӨТЕДІ : https://eamedia.org/en/

    Гуманистік педагогика орталығының директоры Г. К. Бокижанова



    Leave a comment

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.