Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2020 жылы 4-5 желтоқсанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ойшыл Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалі онлайн режимінде өткізілді. […]
Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенділік танытып, әлеуметтік рухани маңызы бар қоғамдық істерді ұйымдастырып, өз қатарында көшбасшылық қасиеттерін көрсете білгені үшін Мағрұпжан Бексұлтан Қарағанды облысы рухани жаңғыру өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұловтың алғыс хатымен марапатталды.
3-11 желтоқсан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық оп-line олимпиадасын өткізді. Олимпиада студенттердің белсенді азаматтық […]
Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен «Достық» үйінде Қарағанды «Bolashaq» академиясының профессоры Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы «Президент тапсырмасы негізінде қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру» тақырыбында онлайн семинар өткізді. Аталған шараға шақырылған басқа да қатысушылармен қатар «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Р.Х.Абдрахманов, […]
2020 жылдың 29 желтоқсанында «Bolashaq» академиясында асхананың салтанатты ашылуы өтті. ЖОО-ның 25 жылдығына орай Академия асханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрметті студенттер! Біздің асхана сіздердің тағы бір сүйікті орындарыңыз болады деп сенеміз. «Bolashaq» академиясы АШБ қызметкерлеріне және жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер бригадасына алғыс білдіреді.
2020 жылдың 29 желтоқсанында «Bolashaq» академиясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша дәстүрлі ЖОО ішіндегі конкурста үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Номинация жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссия жыл қорытындысы бойынша келесі құрамда анықталды: стратегиялық даму жөніндегі Проректор (Төраға) – Рысмағамбетова г. м., комиссия мүшелері: ОӘЖ жөніндегі Проректор – Киреева У. Т., ШЖ […]
«Bolashaq» академиясының ректоры профессор Қ.Н.Меңлібаевтың атына басқа жоғары оқу орындарының әріптестерінен келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаулар келіп түсуде.Қарағанды техникалық университетінің басшылығы Академия ұжымын алдағы мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ең жақсы игіліктерді тілейді!
«Bolashaq» академиясында қалыптасқан дәстүр бойынша қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрам жаңа жылдық сыйлықтар алды. Бүгін кәсіподақ комитеті барлық қызметкерлер мен ПОҚ үшін сыйлықтар бере бастады. Академия бұл оқиғаны асыға күтеді, өйткені бұл – мерекелік атмосфераға енуге және жаңа жылдың жақындағанын сезінуге тамаша мүмкіндік. Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер «Bolashaq» академиясының әкімшілігі мен […]
2020 жылдың 25 желтоқсаны күні қаламыздағы М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның ішінен құрылған «Аналар мектебінде» аяулы ана, асыл жар, құрметті де қадірлі ұстаз, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің профессоры, доцент, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, сонау 1964 жылы педиатрия мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік Медицина Институтын қызыл дипломмен бітіргеннен бері ширек […]
Құрметті әріптестер!Сіздерді 2021 жылғы 23-24 сәуірде сырттай нысанда өтетін «Татищев оқулары: ғылым мен практиканың өзекті мәселелері» атты XVIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз. «Bolashaq» академиясы аталған конференцияның бірлескен ұйымдастырушысы болып табылады. ХҒПК -ның мақсаты-Ресей мен әлемнің әртүрлі аймақтарындағы ғылым мен практиканың дамуының негізгі тенденцияларын бағалау. Конференцияның негізгі міндеттері төмендегідей болып […]
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар!«Bolashaq» академиясы 2021 жылдың 26 ақпанында студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың (халықаралық қатысумен) «Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері»атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы заңнамасының даму перспективалары;Қаржы жүйесінің проблемалары және бәсекеге қабілеттілікті арттыру;Ұлттық экономика;Дамып келе жатқан тұлғаның психологиялық-педагогикалық аспектілері;Тәрбие, […]
Құрметті студенттер мен әріптестер! Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, 2021 жылғы 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін карантиндік шаралар күшейтіледі деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді. Келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаменті еске салады: 1424-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығы. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де түрде жәрдем көрсететін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
«Bolashaq» академиясының ректоры, профессор Қ.Н.Меңлібаевтың атына Ресей Федерациясындағы әріптестерінен алғыс хаттар келіп түсті. «Ресей халықтар достығы университеті» Жоғары кәсіптік білім берудің федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесі «Bolashaq» Академиясына ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді және 2020 жылғы ЖОО аралық халықаралық қатысумен өткен «Ғылыми және кәсіби-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті – табысты мансапқа апаратын […]
2020 жылғы 25 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Салкебаев Талғат Смағұлұлы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» тақырыбында диссертация қорғады. Қорғаудың ресми рецензенті заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы болды.