“Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы студенттерінің оқу практикасы бойынша қорытынды конференциясы

2021 жылдың 1 ақпанында онлайн режимде ZOOM платформасында оқу практикасының жетекшілері Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Байбекова В. А., Темирханова Г. У., Шутенова С. С. қорытынды конференция өткізді.

Конференцияға Қарағанды қаласы мектептерінің психологтары: Крашенинникова Ольга Вдадимировна – “Ғ.Мұстафин атындағы мектеп” КММ, Торехан Жансая Нұрлановна – А.Байтұрсынов атындағы № 41 мектеп, Топалова Арайлым Жасқайратқызы – № 101 мектеп лицейі, практика бойынша оқу-әдістемелік басқармасының маманы Қонысбаева Жумагуль Мейржановна, кафедра бойынша жауапты Махмутова Гулим Сагинбаевна шақырылды, сонымен қатар ПжП-19-1, ПжП-19-2, ПжП-20-1 тобының барлық студенттері қатысты.

Оқу практикасы 1 апталық (ПжП-19-1, ПжП-19-2 топтарында), 2 апталық ( ПжП-20-1 тобында) 2020-2021 оқу жылының 18-29 қаңтарындағы күнтізбелік оқу кестесіне сәйкес өткізілді.

“Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының студенттері үшін бұл практика болашақ кәсіби қызметке үздіксіз кәсіби практикалық дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады.

Оқу практикасының мақсаты жүзеге асырылды, өйткені практика бітіргеннен кейін студенттер білім беру мекемесінің психологиялық қызметі туралы жалпы түсінік қалыптастырды, педагог-психолог қызметінің негізгі бағыттарымен, оның кәсіби функцияларымен, лауазымдық міндеттерімен және қызмет ерекшеліктерімен, сондай-ақ олар қолданатын психологиялық әдістермен және технологиялармен танысты.

Конференция соңында студенттер мектеп басшылары мен психологтарына бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.