Оқу-әдістемелік басқармасы

Миссиясы: ҚР БҒМ нормативтік және регламенттеуші құжаттарының талаптарына сәйкес Академияда оқу процесін ұйымдастыру, ЖОО-да оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық шеңберінде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық.

Мақсаты: оқу процесінің тиімділігін, білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасын, еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын мамандарды даярлау сапасын арттыру.

Міндеттері:

– оқыту нәтижесіне бағытталған білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын мамандарды даярлаудың жоғары деңгейіне қол жеткізу;

– ЖОО-да Болон процесінің негізгі, ұсынымдық және факультативтік параметрлерін іске асыруды қамтамасыз ету;

– лицензиялық және аккредитациялық төлемдердің орындалуын бақылау ;

білім беру бағдарламаларын іске асыруға қойылатын талаптар, ЖОО-дағы білім беру қызметінің сапасын бақылау;

– “Bolashaq” академиясының оқытушылары, студенттері мен магистранттарының академиялық ұтқырлығы аясында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту;

– дуалды білім беруді енгізуге және түлектердің жұмысқа орналасуын арттыруға жәрдемдесу;

– қазақстандық және халықаралық деңгейде Академия имиджін қалыптастыру және білім беру қызметтері нарығында “Bolashaq” академиясының бәсекелестік позициясын нығайту.

Функциялар:

– Академияда оқу процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік және оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету;

– бакалавриат ББ білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуді және жаңартуды ұйымдастыру;

-бағдарламалардың тұжырымдамаларын, оқу жұмыс жоспарларын, академиялық күнтізбені, пәндер мен курстардың бағдарламаларын, практика бағдарламаларын, мемлекеттік емтихандарды және басқа да оқу-әдістемелік құжаттарды қарауды және келісуді қоса алғанда, ББ іске асыру сапасын мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асыру;

– білім берудегі жаңа үрдістерді, білім беруді басқару саласындағы және білім беру қызметтері нарығындағы өзгерістерді мониторингілеу, оқу процесіне жаңа білім беру технологиялары мен әдістемелерін құру және енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;

– жоғары оқу орындары арасында мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттама дайындау;

– жаңа бағыттар бойынша дайындауға лицензия алу үшін лицензиялық талаптарға сәйкес құжаттаманы дайындау;

– қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;

– ЖОО қызметін аккредиттеуден кейінгі мониторингілеу мәселелері бойынша есептерді қалыптастыру ;;

– Академиядағы кәсіптік практиканың барлық түрлерін үйлестіру;;

— еңбек нарығында түлектердің жағдайын жақсартуға мүдделі жергілікті атқарушы билік органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен, кәсіпорындармен (ұйымдармен, мекемелермен) – жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу;

– ЖОО-лардың ұлттық және халықаралық рейтингтеріне қатысу үшін ЖОО туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсыну;

– студенттер мен магистранттарды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру, АК жұмысының нәтижелерін талдау, АК құрамын қалыптастыруға қатысу, АК төрағаларын бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Таликова Галия Тюляковна

Лауазымы: Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы

Байланыс телефоны: 8-7212-42-04-25 (іш. 046), е-мейл: umu-2@mail.ru

Оқу-әдістемелік басқарманың құрамы:

Сармурзина Назгуль Жаңбырбайқызы-оқу-әдістемелік басқарманың маманы

Қарағанды қ., Ерубаев көш., 16

Тел. (87212) 42 04 25 (іш.056) e-mail: umu-2@mail.ru

Сейтжанова Данагуль Саматовна-академиялық ұтқырлық бойынша ОӘБ маманы

Қарағанды қ., Ерубаев көш., 16

Тел. (87212) 42 04 25 (іш.049)