Миссиясы: ҚР БҒМ нормативтік және регламенттеуші құжаттарының талаптарына сәйкес Академияда оқу процесін ұйымдастыру, ЖОО-да оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық шеңберінде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық.
Мақсаты: оқу процесінің тиімділігін, білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасын, еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын мамандарды даярлау сапасын арттыру.
Міндеттері:
– оқыту нәтижесіне бағытталған білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын мамандарды даярлаудың жоғары деңгейіне қол жеткізу;
– ЖОО-да Болон процесінің негізгі, ұсынымдық және факультативтік параметрлерін іске асыруды қамтамасыз ету;
– лицензиялық және аккредитациялық төлемдердің орындалуын бақылау ;
білім беру бағдарламаларын іске асыруға қойылатын талаптар, ЖОО-дағы білім беру қызметінің сапасын бақылау;
– “Bolashaq” академиясының оқытушылары, студенттері мен магистранттарының академиялық ұтқырлығы аясында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту;
– дуалды білім беруді енгізуге және түлектердің жұмысқа орналасуын арттыруға жәрдемдесу;
– қазақстандық және халықаралық деңгейде Академия имиджін қалыптастыру және білім беру қызметтері нарығында “Bolashaq” академиясының бәсекелестік позициясын нығайту.
Функциялар:
– Академияда оқу процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік және оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету;
– бакалавриат ББ білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуді және жаңартуды ұйымдастыру;
-бағдарламалардың тұжырымдамаларын, оқу жұмыс жоспарларын, академиялық күнтізбені, пәндер мен курстардың бағдарламаларын, практика бағдарламаларын, мемлекеттік емтихандарды және басқа да оқу-әдістемелік құжаттарды қарауды және келісуді қоса алғанда, ББ іске асыру сапасын мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асыру;
– білім берудегі жаңа үрдістерді, білім беруді басқару саласындағы және білім беру қызметтері нарығындағы өзгерістерді мониторингілеу, оқу процесіне жаңа білім беру технологиялары мен әдістемелерін құру және енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;
– жоғары оқу орындары арасында мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттама дайындау;
– жаңа бағыттар бойынша дайындауға лицензия алу үшін лицензиялық талаптарға сәйкес құжаттаманы дайындау;
– қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;
– ЖОО қызметін аккредиттеуден кейінгі мониторингілеу мәселелері бойынша есептерді қалыптастыру ;;
– Академиядағы кәсіптік практиканың барлық түрлерін үйлестіру;;
— еңбек нарығында түлектердің жағдайын жақсартуға мүдделі жергілікті атқарушы билік органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен, кәсіпорындармен (ұйымдармен, мекемелермен) – жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу;
– ЖОО-лардың ұлттық және халықаралық рейтингтеріне қатысу үшін ЖОО туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсыну;
– студенттер мен магистранттарды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру, АК жұмысының нәтижелерін талдау, АК құрамын қалыптастыруға қатысу, АК төрағаларын бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Туғанбаева Салтанат Тұрсынханқызы
Туған жылы: 03.09. 1976.
Лауазымы: Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы
Білімі: жоғары: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ. экономика факультеті, экономист. Қарағанды “Болашақ” университеті Заң факультеті “Заңтану” бакалавры, Қарағанды “Болашақ” университеті Заң факультеті магистратура “Заң ғылымдары” магистрі.
Жетістіктері: ЖОО ішіндегі “Үздік қызметкер” конкурстарының жеңімпазы. Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің грамотасымен марапатталған.
Академиядағы кәсіби қызметі: “Bolashaq” академиясында 2002 жылдан бастап оқу-әдістемелік басқарманың маманы, 2003 жылы – төлем жөніндегі есепші, 2005 жылы – деканат әдіскері, 2010 жылы – студенттік бөлімнің маманы, 2011 жылы – студенттік бөлімнің (қазіргі студенттерге қызмет көрсету орталығы) басшысы, және 2021 жылдың 6 қыркүйегінен бастап Академияның оқу-әдістемелік басқармасының басшысы.
Байланыс телефоны: 8-7212-42-04-25 (іш. 046), е-мейл: umu-2@mail.ru
Оқу-әдістемелік басқарманың құрамы:
Сармурзина Назгуль Жаңбырбайқызы-оқу-әдістемелік басқарманың маманы
Қарағанды қ., Ерубаев көш., 16
Тел. (87212) 42 04 25 (іш.056) e-mail: umu-2@mail.ru
Сейтжанова Данагуль Саматовна-академиялық ұтқырлық бойынша ОӘБ маманы
Қарағанды қ., Ерубаев көш., 16
Тел. (87212) 42 04 25 (іш.049)