Бүгін 2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент депутаттарының, орталық мемлекеттік органдар басшыларының, ұлттық құрылтай мүшелерінің, сондай-ақ жұртшылықтың бірлескен отырысында Парламент сессиясының ашылуында Қазақстан халқына “Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты” атты кезекті Жолдауын жариялады. Бұған дейін жарияланғандай, Жолдау Қазақстан Республикасының экономикалық даму мәселелеріне арналған. Бұл Жолдау атаулы бағыттың таныс […]
Академия "Bolashaq"
Құрметті бірінші курс студенттері, сіздерді “Bolashaq” Академиясына түсулеріңізбен құттықтаймыз! Алдарыңызда – Академия қабырғасындағы жарқын сәттерге толы ұмытылмас студенттік шақ! Жаңа оқу жылының басына орайластырылған дәстүрлі салтанатты кездесу 1 қыркүйекте өтті. Жаңа студенттерге арналған салтанатты жиналыс корпустың мәжіліс залында ұйымдастырылды. Іс-шара Академия ректоры Г.М. Рысмағамбетованың, академиялық мәселелер жөніндегі проректор С. Б. […]
31.08.2023 ж. “Bolashaq” Академиясының дәрігері Студенттер үйінің санитарлық жағдайының ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы N ҚР ДСМ -76 “Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” Ережесін бекіту туралы бұйрығына сәйкестігін тексерді. Медициналық пунктте дәрі-дәрмек қоры толықтырылды.
https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2022/10/%D0%9F%D0%BB%D0%B0%D0%BD-%D0%A3%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%B0-2022-2023.pdf
Құрметті оқытушылар мен студенттер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл айтулы күн еліміздің заңдары мен негізгі қағидаттарын құрметтеудің маңыздылығын еске салады. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрқашан әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін біздің қоғамның іргетасы болып қала берсін. Бұл күні біз еліміздің жетістіктерін ғана емес, мәдениеттердің бірлігін, […]
Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасы Конституциясының күнімен құттықтауға асығамыз. Бүгін ҚР Конституциясы күнін мерекелеудің 28 жылдығы қарсаңында мемлекеттік мерекемен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! Елдің Негізгі Заңы уақыттың сенімді сынағынан өтті және тарихи дамудың жалпыұлттық векторын анықтауда өзінің іргелі маңыздылығын дәлелдеді. Конституцияда белгіленген нормалар мен қағидаттар қазақстандық мемлекеттілікті […]
Құрметті әріптестер мен студенттер! Бүгін біз Қазақстан Республикасының Конституция күнін – тәуелсіз еліміздің тарихындағы маңызды кезеңді, демократиялық құндылықтарды нығайтудың символын, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілін қуана атап өтеміз. Конституция-қоғам мен мемлекеттің даму жолын айқындайтын, әділдіктің, теңдік пен заңдылықтың негізгі қағидаттарын бекітуді қамтамасыз ететін іргелі құжат. Бұл тұрақтылық пен өркендеудің […]
24 тамыз күні Астана қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің экономикалык өсуінің негізі ретіндегі адами капиталды дамытуға арналған жоғары білім және ғылыми форумы өтті. Форумға “Bolashaq” Академиясы тарапынан Академия ректоры Г.М.Рысмагамбетова, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор С.Б.Бекжанова, ӘТЖ жөніндегі проректор Р.Н.Исмаилова және “Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Г.Т.Таликова қатысты. Аталған […]
2023 жылғы 21 тамызда “Bolashaq” Академиясының жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі А.У. Илясова 2003 жылдан бастап қарағандылықтардың экранына аптасына үш рет “Студияда қонақ” форматында шығатын “Постскриптум” Қарағанды қаласының бесінші арнасының телевизиялық бағдарламасына қатысты. Бағдарлама өзекті қоғамдық тақырыптарды қамтиды. Әңгімені журналист […]
Академияда бүгін – манызды күн! Біздің түлектеріміз оқуын аяқтап үлкен өмірге жолдама алайын деп тұр. Мереке кұтты болсын! Диплом тапсыру рәсіміне жинала отырып, біз еліміздің және Қазақстан халқының болашағы – жалынды да жігерлі жастарға эстафетаны тапсырудың тарихи сәті келгенін анық түсінеміз. Құрметті түлектер, “Жаңа Қазақстан” идеясының мақсаты-қоғамда әділдікті орнату, жастардың […]
Бітіруші курстардың заңгер студенттері құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп, символдық мақсатта барлық студент түлектер үшін ерекше белгі ойлап тапты. Белгішенің эскизі ұзақ уақыт бойы талқыланды, бірақ бәрі ортақ пікірге келді және барлығы үшін ең қолайлы нұсқаға тоқталды. Біздің студенттер оқытушылармен бірлесе отырып, академия түлектерінің өз Аlma mater-ге деген […]
Заңтану ББ түлегі Ю–19-1 тобының студенті кикбоксингтен ұлттық құраманың мүшесі Руслан Степанов Венгрияда өткен Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды. Жарайсың Руслан! Сізге үлкен жеңістер мен біздің Тәуелсіз Қазақстанымызды дәріптеу және зор денсаулық тілейміз! Сондай-ақ, сізді дипломды табысты қорғауыңызбен, осы бірнеше жыл ішінде “Bolashaq” Аадемиясында өткен күрделі жолдың аяқталуымен шын жүректен […]
Ағымдағы жылдың 19 маусымында Құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы Б.С. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының докторанты, 6D030300 – Құқық қорғау қызметі ББ, Тезекбаев Елдостың “Жаппай тәртіпсіздіктер: Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының проблемалық аспектілері” тақырыбындағы докторлық диссертациясын талқылауға қатысты. Докторлық диссертацияны талқылау гибридті форматта өтті. Талқылауға ұсынылған […]