14 желтоқсан күні “Bolashaq” академиясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті. Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай академия ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы студенттер мен оқытушыларға құттықтау лебізін білдірді. Мереке қарсаңында академиямыздың бірқатар профессор-оқытушылары төл белгі, Құрмет грамоталары, алғысхаттармен марапатталды. Атап өткенде, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры Құрманғазы […]
Академия "Bolashaq"
“Bolashaq” академиясында 6-шы желтоқсан күні “16-желтоқсан -жастар рухы және Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих пен қазіргі заман” атты саяси сабақ өткізілді. Іс шараны жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Саттарова Фарида Фаттаховна өткізді.Ашық сабаққа академия оқытушылары мен студенттер қатысты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қандай […]
2021 жылғы 9 қазанда «Bolashaq» академиясы білім ордасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарымен бекітілген «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс шараны қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Н.Т. Ахметова өткізді. Іс-шара орыс тілді студенттер білім алушылар […]
2021 жылдың 10-желтоқсанында Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзерлері Мекадилова Самал Кемелбаевна мен Байбекова Венера Алимкуловна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 курс студенттерімен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата -бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз […]
2021 жылдың 9-10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесі және Оңтүстік- Қазақстан медицина академиясы ұйымдастырған “Биология, медицина және фармацияның даму болашағы” атты жас ғалымдар мен студенттердің VIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Пленарлық мәжілісте ФМ18-3 тобының студенті Хамитова Айбану «Созылмалы жөтелге қарсы биологиялық […]
ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Президенті жарлығымен “Bolashaq” академиясының түлегі, «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ораз Абай Амангелдіұлы «Шапағат» медалімен марапаттады. Абай Амангелдіұлы сізді шын жүректен құттықтаймыз және марапатыңыз құтты болсын, осындай биік шыңдардан көріне беріңіз дегіміз келеді.
9 желтоқсан күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Сен деп жырлаймын, Қазақстан!” атты жастар поэзиялық батлын өткізді. Сайысқа Bolashaq академиясы атынан “Bolashaq” командасы қатысты. Команда мүшелері: Ізбасар Ерқанат (К-20-1), Әбдірейім Қанағат (К-20-1), Жұрағат Аймарал (К-20-1) және Шари Қымбат (К-20-1) қатысты. Қарағанды облысының […]
Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастар арасында дебат қозғалысын дамыту аясында «Короновирус пандемиясынан кейін өмір сүру тәртібін қашықтықта қалдыру керек деп санайды» атты тақырыбында көрсетілім ойыны өткізілді. Көрсетілім ойын барысында көрермендер жұмыс істеу тәртібінің, оқу барысының онлайн форматында өткізілуінің артықшылықтарын анықтай алады. Сонымен қатар көрсетілім ойын барысында офлайн форматтағы […]
Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастар арасында кәсіптік дағдыларды дамыту жобасының аясында жастарды мобилография, веб әзірлеу және де графикалық дизайн бағыттарына оқыту курстары өткізілді. Оқыту курстары 12 сағаттық жалпы оқыту, сонымен қатар 30 сағатқа жоспарланған негізгі оқыту мен әмбебап дағдыларды дамытуға арналған курстардан құралды. Әмбебап дағдыларына оқыту курстарында СММ, […]
Академиямыздың Ю-18-2 тобының студенттері Мухангалиева Аружан мен Сәкен Эльмира 24 қараша 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Астана халықаралық университеті мен Пятигорск мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған «Заң ғылымын дамытудың және ұлттық заңнаманы жетілдірудің жаңа көкжиектері» атты Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысып келді. Олар ХҒПК шеңберінде студенттер «Пандемия […]
2021 жылдың 3-желтоқсанында Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзерлері Мекадилова Самал Кемелбаевна мен Байбекова Венера Алимкуловна Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында айтылған тапсырмаларды орындау бойынша бекітілген «Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл […]
2021 жылғы 3 желтоқсанда “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының ұжымы мен з.ғ.к., қауымдаст.профессор А.Ж.Әбдіжәмидің ұйымдастыруымен академиямыздың құқықтану білім беру бағдарламасының студенттері мен қаламыздағы білікті заңгерлер, сот, құқыққорғау органдары қызметкерлері арасында ашық пікір алмасу өткізілді. Кездесудің мақсаты – Еліміздегі Рухани Жаңғыру бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын […]
2021 жылдың 29 қарашасында мектеп түлектеріне онлайн түрде ZOOM платформасында ақпараттандыру бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Қарағанды қаласының № 66 мектеп-лицейінің, № 16 ЖОББМ 11 сынып мұғалімдері мен оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. «Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Махмутова «Біз және мамандық әлемі» тақырыбында […]
2021 жылдың 30 қарашасында ҚР Конституциясы мен мемлекеттік рәміздерінің негіздерін білуге арналған студенттік олимпиада өтті. Іс-шара ZOOM платформасында өтті. Еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан барлығы 8 команда қатысты. Биылғы жылғы іс-шараның алдыңғы жылдардан айырмашылығы, онлайн форматының арқасында қатысушылардың географиясы әлдеқайда кеңейтілді, бұл біріншіден, Олимпиаданың беделі артып келе жатқандығымен, екіншіден, өзара […]
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қарағанды пікірсайысшылар бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылы пікірсайыс бойынша жастарға арналған 6 (алты) көрсетілім ойын ұйымдастырылды. Ойындар британдық парламенттік, американдық парламенттік, линкольн дуглас форматтарында өткізілді. Көрсетілім ойындарды тамашалау арқылы көрермендер дебатты қалай ойнау, тақырыпты қалай ашу, спикердің өз көзқарасын қалай дәлелдеу керектігі жөнінде […]