2022 жылғы 23 қарашада «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З.Сембиев Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген «Жаһандану дәуіріндегі түркі тіл білімінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық конференцияда «Қазақстан топонимикасының өзекті мәселелері» жөнінде баяндама жасады. Сонымен бірге Қ.З.Сембиевтің іссапары аталмыш жылдың 24-25 қарашасында «Өзбекстан мемлекеті Нүкіс қаласында Қарақалпақстан мемлекеттік […]
Академия "Bolashaq"
2022 ж. 29 қарашада Ресурстық тіл орталығының мамандары “Қасым үйінде” «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған «Ғылыми стильдің ерекшелігі және меңгерту амалдары» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинардың мақсаты -жастарға ғылыми стильдің ерекшелігін таныстыра отырып, аталған стильде мақала, дипломдық жұмыс, оқу құралдарын сауатты жазуға үйрету және баулу. Семинарға алдын-ала арнайы сұраныс білдірген «6505» әскери […]
2022 жылғы 28 қарашада «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы К.А.Сарбасова, «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Г. Ш. Оразгалиева, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Н. К. Қасетова және «Фармация» кафедрасының аға оқытушысы Д. С.Тутай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп – гимназияның 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын өткізілді. […]
Қазіргі таңда білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін өскелең ұрпақтың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері ең өзекті жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Нүркенова Г.Қ., Шутенова С.С., Есмагулова А.А. жоспарға сәйкес іс-сапармен А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық–техникалық колледжіне барып кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы бойынша сұхбат […]
18-қарашада «Bolashaq» академиясында А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» атты конференцияда осы академияның 2020 жылғы түлегі Сакенова Аида бейне – баяндама жасады. Ұлт ұстазының әдістеме, оқу -тәрбие, жазу, сондай- ақ оның ақындығы, әдебиетке сіңірген еңбектері жайлы қамтып,өз ойын айтып, бөлісті. Аида бүгінгі таңда […]
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында құқықтану ББ студенттері мен магистранттары Қарағанды облыстық сотының судьялары Сейдалина Жанна Каримовна және Шағатаев Қайрат Күнісбекұлымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты студенттерді Қазақстан Республикасының сот жүйесімен, сот органдарына қызметке кіру тәртібімен және еліміздегі сот төрелігін жүзеге асыру ерекшеліктерімен таныстыру. Кездесу форматы диалог алаңы түрінде болды. Басында судьялар […]
«Bolashaq» академиясы Құқық және қаржы пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысы аясында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысады. 2022 жылдың 10 қарашасында профессорлық-оқытушылық құрам және магистранттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаза тағайындау институтын жетілдіру: теориялық […]
Қарашаның 01 жұлдызында Қарағанды обласы бойынша мектеп оқушылары арасында Республикалық зерттеу жобалар конкурсы өтті. Іс шара РҒПО «Дарын» меқтеб аясында өткізілді. «Bolashaq» академиясының атынан құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының менгерушісі Кабжанов Ақылбек Тайбулатұлы «Адам. Қоғам және Құқық» секцияның төрағасы ретінде қатысты.
19 қараша күні Қарағанды “Bolashaq” академиясында Ю-21-2, К-21-1, КР-21-1, ПМНО-21-2 топтарында философия ғылымдарының кандидаты, профессор Ф.Ф.Саттарованың ашық сабағы өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: “Тәуелсіздік – саяси-рухани құндылық: тарих және қазіргі заман”. Ашық сабақтың мақсаты: студенттердің патриоттық сезімін, жүрегіндегі рухты ояту. Тәуелсіздіктің басты құндылық екенін түсіндіру. Сабақ барысында Шари Қымбат, Абишев Бақдаулет, […]
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды. Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың келесідей басым бағыттары бойынша қабылданады:?Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;?Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар […]
Аса қадірменді ардагерлер! Қымбатты аға буын өкілдері! «Bolashaq» академиясының ректораты, ардагерлер Кеңесі және ұжымы сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды. Біздің халқымыз қай уақытта болса да, жасы үлкен, тәжірибесі мол, өмірдің түрлі өткелдерінен өткен аға буын өкілдерін құрмет тұтқан. Оларды қадірлеп, қастерлеген. Себебі, кейінгі буын солардың өсиет, […]
14 қыркүйек күні «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Смагулова М.С. және К-20-1 тобының студенттері Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрында өткен Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер-драматург Кеңес Жұмабековтің «Рақымжанның Қасымы» пьесасын тамашалауға барды. Қойылым қазақ поэзиясының көгінде жұлдыз болып жарқырап, әсем ән болып шалқыған Қасым ақынның туған жерін […]
Қазіргі күні сыбайлас жемқорлық деректерінің көптігі, қоғамның қай саласында болмасын белең алғандығы, әділетсіздіктің асқынып бара жатқандығы көкірегі ояу, көзі ашық әрбір зиялы азаматты бей-жай қалдырмасы анық. Қалыптасу үсітіндегі Жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің іргесін шайқалтатын, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін қатердің қатарына жатқызады. Ол үшін баршамыз осы […]