2020 жылдың 25 желтоқсаны күні қаламыздағы М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның ішінен құрылған «Аналар мектебінде» аяулы ана, асыл жар, құрметті де қадірлі ұстаз, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің профессоры, доцент, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, сонау 1964 жылы педиатрия мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік Медицина Институтын қызыл дипломмен бітіргеннен бері ширек […]
Академия "Bolashaq"
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар!«Bolashaq» академиясы 2021 жылдың 26 ақпанында студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың (халықаралық қатысумен) «Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері»атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы заңнамасының даму перспективалары;Қаржы жүйесінің проблемалары және бәсекеге қабілеттілікті арттыру;Ұлттық экономика;Дамып келе жатқан тұлғаның психологиялық-педагогикалық аспектілері;Тәрбие, […]
Өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбындағы дәстүрлі онлайн адалдық сағаты өтті. «Bolashaq»академиясының студенттері аталған іс-шараға белсене қатысты. Сәкен Сейфуллин – мемлекеттік және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының елдігін сақтап қалуы […]
2020 жылдың 10 желтоқсаны күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы Теміртау қаласының «№2 ЖББОМ» КММ ұжымы ұйымдастырған тікелей эфирдегі «Өнегелі өмір жобасы «Дана тұлғалардың дара жолы» атты сыр-сұхбатта «қонақ» болып қайтты. Zoom платформасында өткен сұхбаттасуда 8 «А» сынып оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, болашақ […]
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10.11 – 22.11 аралығында Алтын Орданың 750 жылдығына орай сол кезеңдегі тарих, өнер, әдебиетті дәріптеу және насихаттау мақсатында «Алтын Орда әдебиеті: елдік пен ерліктің дастаны» атты республикалық ЖОО және колледж студенттері арасында поэзия мен эссе жазу шығармашылық байқауы […]
2020 жылғы 2-желтоқсанда «Bolashaq» академиясының студенттері, кафедра меңгерушілері мен оқу үдерісін ұйымдастыруға жауапты бөлім басшыларының онлайн режимде ректормен кездесуі өткізілді. Ректор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев сутуденттерге қарата айтқан өз сөзінде бұл кездесудің мақсаты алдағы қысқы сессияның өтілу барысы жөнін тағы пысықтай түсу екенін ескертті. Студенттердің алдында ІТ-бөлімінің басшысы прокторинг туралы кеңінен […]
«Bolashaq» студенттік Республикасының Президенті, К-17-1 тобының студенті Мағрұпжан Бексұлтан Шәкәрімұлы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы бойынша Праймеризге қатысып, облыс бойынша ең жас кандидат болды. Сайлаудағы белсенділігі үшін Бексұлтан Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбектің алғыс хатымен марапатталды.
Қарағанды «Bolashaq» академиясында өткізілген Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің іріктеу кезеңі 2020 жылдың 31 қазаны күні онлайн режимінде өткізілді. «Абай әлемі» өнер фестиваліне академияның қазақ және өзге ұлт өкілдері мен шетелдік студенттерді қоса алғанда – барлығы – 12 студент қатысты. Іріктеу кезеңіне өткізуге […]
Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы «атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының «2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың шығарылғаны туралы хабарлайды. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық және ғылыми […]
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы студенттерінің арасында онлайн режимінде «Құқықтық мәдениет» тақырыбында кураторлық сағат өтті. «Рухани Жанғыру» бағдарламасы бойынша «Құқықтық мәдениет» тақырыбында өткен тәрбие сағатына ДОВ-19-2 тобының студенттері: Мателова Раушан, Төлеген Айдана, Бөкен Алтан және Пмно-19-2 тобының студенттері: Анарбаева Мадина, Әбдірахманова Дильназ, Әбілхамит […]
21 қазан күні Zoom платформасында Қарағанды қаласындағы № 102 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Математика және информатика» кафедрасының онкүндігі аясында «Білім беру мазмұнын жаңартуда ақпараттық ресурстарды қолдану» тақырыбында онлайн конференция өтті. Кездесуге жоғары оқу орындарының ұстаздары шақырылды. «Bolashaq» Академиясы атынан Жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардың магистрі Сеитова Ләйлә Алғамитқызы қатысты. […]
«Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен қазанның 20-сында «Праймериз – жастарға жаңа мүмкіндік» тақырыбында дебат турнирі өтті. Турнир Америкалық парламенттік форматта 2 фракцияның қатысуымен өтті. Мақсаты: дебат ойындары арқылы еліміздің барлық өңірлерімен тығыз байланыс орнату, студенттердің білімін арттырып, ойлау жүйесін дамыту. Сайыс барысында праймериз бағдарламасының тиімді және тиімсіз жақтары […]
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша»Bolashaq» академиясының кітапханасы жаңа әдебиетпен толықты. Кітапхана оқырмандарды Абай көшесі, 17 үй мекен-жайына шақырады. Э 64 Эндрюс H.Азаматтық ic жүргізу: Coт өндірісі. I том: l-кітап. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық коры, 2020. – 416 […]
Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында «Talantty jastar» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай салған дара жол» халықаралық өнер және білім байқауына қатысқан «Ұлы тұлға Абайға арнау» номинациясы бойынша Жаркеева Гульдана Адильбековна бас жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен қоса, кәсіби ұстаз шеберлігін насихаттап көрсеткені үшін «Ұлық Ұстаз» сертификаты және […]
Қазанның 2 жұлдызында «Bolashaq» академиясы Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Аманат» спорт кешенінде «Ұстаздар күніне» орай Қарағанды облысының барлық мектеп, колледж, университет мұғалімдері мен оқытушылары арасында мини-футболдан «Достық Кубогі» үшін арнайы турнир өткізілді. Алғаш рет ұйымдастырылып 2 күнге созылған спорттық додаға 32 команда қатысты. Турнирдің бас демеушісі «Bolashaq» академиясы қатысушыларға […]