https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2022/10/%D0%9F%D0%BB%D0%B0%D0%BD-%D0%A0%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B0-2022-2023-1.pdf
Monthly Archives: Қазан 2022
17 қазанда жатақханада тұратын “Bolashaq” академиясының студенттері қосымша әлеуметтік көмек алды. Студенттер көрсеткен көмегі үшін “Bolashaq” академиясының басшылығына алғыстарын білдіреді.
Республика күні қарсаңында 17 қазанда ЖББ кафедрасы болашақ филологтар, педагогтар, мектепке дейінгі білім беру мамандықтары, педагогтар мен психологтар топтарының қатысуымен кәсіби орыс тілі бойынша СӨЖ сабағын өткізді.Тақырыбы-Ыбырай Алтынсарин отандық білім берудің мақтанышы ретінде. Студенттер Алтынсарин туралы ғылыми стильдегі мәтінмен жұмыс істеді, қазақ және орыс тілдерінде сөз сөйледі, ағартушының қазақ және […]
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан. Осындай тәлім үйретушінің бірегейі – Е.АБөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Ағылшын тілі және лингводидактика» кафедрасының доценті Жаңбырбай Ахметұлы Қағазбаев. 2022 жылдың 15 қазанында өткен ұстаздың 70 жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты жиынға «Bolashaq» Академиясының […]
15.10.2022 жылы Шалқыма концерт залында, XXlll “Әуенді Сарыарқа” халықаралық фестивалі өтті. Фестивальда Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі және халықаралық конкурстардың лауреаттары:Салтанат Даулетханова мен Өзбекстаннан келген- Сардор Примов өнер көрсетті. Оркестрдың дирижёры халықаралық конкурстардың лауреаты-Ерлан Бақтыгерей. “Bolashaq” академиясы фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері осы фестивальде болып, өнерпаздардың өнерін […]
“BOLASHAQ” академиясыҚазақстан Республикасы күніне орай “Менің өлкем көркем”,”Туған өлкенің сұлулығы” Фотоконкурсын жариялайды. Фотосуреттер бізді шабыттандырады, бізді басқа кеңістікке апарады және әлемді басқалардың көзімен көруге көмектеседі.Біздің елімізді жаңа және күтпеген қырларынан көрсететін ең жақсы фотосуреттер байқауы.Айналамыздағы әдемі әлемді көруге және бағалауға басқаларды шабыттандыратын фотосуреттер қабылданады.Мақсаты-шығармашылықпен айналысатын қабілетті және талантты адамдарды анықтау; […]
Байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған. Конкурсқа қатысуға студенттер, магистранттар және жастар қоғамдық ұйымдары шақырылады. Конкурс 2022 жылғы 1-15 қазан аралығында екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – ЖОО, екіншісі – республикалық. Конкурсқа ұсынылған эсселер мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын мынадай талаптарға сәйкес болуы […]
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 15 қазанда “Цифрлық трансформация дәуіріндегі дағдылар мен құзыреттер” тақырыбында көпшілік алдында дәріс оқыды. Іс-шара академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтті.Министрлік басшысы қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтар мен технологиялар туралы айтты.Біздің академияның профессорлық-педагогикалық құрамы, магистранттары мен студенттері министрдің дәрісіне қатысты.Іс-шара соңында […]
Әр жыл мезгілінің өз ерекшеліктері бар. Міне, жадыраған жаз айынан кейін жер-ананың мәпелеп, баптап өсірген, біздің ағзамызға өте қажетті дәрумендерге бай көкөністерін алып, алтын күз де жетті. Осы орайда біздің “Bolashaq” академиямызда бірнеше жылдардан бері қайталанып келе жатқан игі дәстүр бар. Академия басшылығы профессор –оқытушылар құрамы мен жатақханада тұратын студенттерге […]
Жалпы білім беру пәндері кафедрасы академия басшылығына профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне тұрақты негізде ұйымдастырылған әлеуметтік қолдауы үшін алғысын білдіреді. Академия қаражатына сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша, картоп сияқты жоғары сапалы көкөністердің ассортименті сатып алынды, академия қоймасына жеткізілді және әр отбасына бөлінді. Басшылық тарапынан “Bolashaq” академиясының ұжымына осындай материалдық қолдау көрсету жақсы […]
КарУ университетінде өткен “Мемлекеттік тіл -Тәуелсіздік символы” атты республикалық байқауға көрермен болып “Bolashaq” Академиясының Фм 21-1, Фм20-1,2 топ студенттері барды. Байқауға әр өңірден әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.Байқау 4 кезеңнен тұрды.Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы қатысушылардың алдын ала ұсынған 3 минуттық бейнеролигін бағаласа, екінші кезеңде байқауға қатысушылар ұяшықтарды таңдап, мақал мәтелдерді […]
2022 жылғы 14 қазанда құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., профессор А.Т. Қабжанов Ю-20-1, Ю-20-1к топтарының студенттерімен кездесу өткізді. Ақылбек Тайбулатұлы кәсіби қызметте бәсекеге қабілеттілікті, ұтқырлықты, әлеуметтік бағдарлануды қамтамасыз ететін білім берудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Сондай-ақ студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” […]
2022 жылдың 7 қазанында біз, бірінші курс студенттері, “Bolashaq” академиясының кітапханасына бардық. Кітапхана қызметкерлеріне әрдайым мейірімді, сауатты, өз жұмысын білетін тамаша қызмет көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Кітапханашылар әрдайым оқу үшін әдебиеттерге кеңес береді, жаңалықтар туралы айтады. Сондай-ақ, олар қызығушылық тудыратын әдебиеттерді табу үшін кітапхана сайтын қалай пайдалану керектігін […]
2022 жылғы 14 қазанда Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бегелдинов атындағы Қарағанды Республикалық “Жас ұлан” мектебінің базасында Алматы, Шымкент қалаларының, Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің, Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің және т.б. өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран” республикалық конференциясы өтті. “Жас ұлан” […]