Ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан Ақселеу Сейдімбек атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауы өткен болатын. Аталмыш шараға академиямыздың қазақ тілі әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Е.М. Ермағамбетов проза жанры бойынша бағын сынап, жүлделі 2 орынға табан тіреді. […]
Daily Archives: 25.11.2019
22 қарашада шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша дипломдық жұмыстар мен ғылыми мақалаларды жазу, құрылымдау бойынша ережелер мен қадамдарды түсіндіру мақсатында оқыту семинарын өткізді. Семинарға бітіруші курс студенттері, олардың ғылыми жетекшілері, сондай-ақ биыл курстық жұмыстарды жазатын студенттер қатысты. Блум таксономиясы арқылы ғылыми мақала жазу әдісі қарастырылды. […]
2019 жылдың 8 қарашасында “Bolashaq” Студенттік Республика шеңберінде Парламент депутаттарының сайлауы өтті. Барлық қажетті рәсімдерді өткізгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы депутаттық мандатқа 10 үміткер тіркелді, оның 8-і депутаттыққа ұсынылды.
8-9 қарашада Әзірбайжанда Грэпплинг күресі бойынша Әлем Чемпионаты өтті. Оған Ин-19-2 тобының студенті, “Шетел тілі: екі шетел тілі” білім беру пәнінің студенті Құсайынова Жанеля қатысты. Жанеля Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, 2-ші орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы Г. Т. Таликова 2019 жылы 18-19 қарашада “Назарбаев Университеті” ДББҰ базасында білім беру бағдарламаларын (curriculum design) және силлабустарды (syllabus design) әзірлеу бойынша семинар-тренингтен өтті. Мақсаты: жоғары оқу орындарында академиялық саясаттың тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті дамыту. Іс-шара форматы: стратегиялық сессия, […]
18 қарашада академияда Студенттер үшін ЖИТС және АИТВ алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Дәрісті Академия дәрігері С. Г. Куур Қарағанды санитарлық ағарту үйімен бірлесіп өткізді. Спикер – дәрігер Н. Е. Самойленко. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі. Алғаш рет ДДҰ 1988 жылы жарияланды, 1996 жылдан […]