“Bolashaq” Академиясының өз үлгісіндегі дипломдарының бланкілері мемлекеттік үлгідегі дипломдардың дизайн үлгісі бойынша жеке ақпараттың: бланкінің мұқабасындағы бедерлеумен және бланкінің сырт жағында бір түсті баспа түрінде академияның атауы мен логотипінің қосылуымен орындалған.



Жеке үлгідегі диплом бланкілерінің ішкі жағында мынадай ақпарат болады:
1) Академияның атауы;
2) түлектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) білім беру бағдарламасының коды және атауы;
4) берілетін дәреже;
5) дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысы хаттамасының күні мен нөмірі;
6) оқыту нысаны;
7) Академия ректорының қолы;
8) реттік тіркеу нөмірі;
9) берілген күні және орны (қаласы) ;
10) Академия мөрі.



Жеке үлгідегі диплом бланкілерінің ішкі жағының оң жақ жоғарғы бұрышында институционалдық аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің логотипі орналасқан.