ПІКІР

2020 жылдың 10-14 ақпанында ЖОО орнын аккредитациялау бойынша құрылған мамандандырылған комиссия «Bolashaq» Академиясының түлектерімен, сондай-ақ жұмыс берушілерімен кездесу өткізді. Аталған сұқбатқа 13 ақпанда арнайы шақырумен барған едім. Сұқбатта қойылған мәселелерге жауап бере отырып ЖОО 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының академиялық комитетімен енгізілген пәндеріне жұмыс беруші ретінде ұсыныстарымызды жасайтынымызды және ол ұсынысымыз бойынша оқу бағдарламасына пәндер енетінін баса айта кеткеніміз жөн. Мен 2012-2014 жылдары «Bolashaq» Академиясының магистратура бөлімінде оқып «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаcы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған болатынмын.

Қазіргі жұмыс істеп жатқан Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласы «№68 МИ» ЖББ КММ-де «Bolashaq» Академиясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасын бакалавр бойынша бітірген екі түлек қызмет етіп келеді. №68 орта мектептің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ретінде, жас мамандардың тәлім беруші жетекшісі ретінде байқағаным Академияны бітірген түлектер заманауи бәсекеге қабілетті, білімді, жоғары білікті маман екендігін көрсете білуі. ЖОО мекеме басшыларының, ұжымының ауыз бірлігінің арқасында «Bolashaq» Академиясында оң психологиялық аура қалыптасқан. Мектебіміздің жас мамандарының Академияның түлектері болғанына қуаныштымын. Мектеп пен ЖОО арасындағы байланыс үзілмейтініне сенімдімін.

Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласы «№68 МИ» ЖББ КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, п.ғ.м. С.И.Әбілғазин